HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аймағында 2022 жылдың 10-17 наурыз аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аймағында Қазақстан Республикасында болу және шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау. Сонымен қатар іс-шара барысында облысымызға келіп-кетуі мен елімізде болу ережесін сақтау жүзеге асырылады.
Азамат Абасилов,
Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының инспекторы, полиция капитаны
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!