Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

12.01.2026, 15:25 55

HALYQLINE.KZ

Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті.

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті.

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынған.

«Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген», — делінген хабарламада.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Дереккөз: inbusiness.kz

Фото: Бейнежазбадан алынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: