Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік әнұран шырқалды

04.06.2024, 17:25 98

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жеке құрамы атаулы күнге орай әнұран шырқады.

– Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлығымыз. Баршамызды біріктіредін құндылық. Туымыз көкке көтерілгенде – әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімді сезінеді. Елтаңба бейнеленген көк байрақ еліміздің барша азаматтарына ортақ шаңырақтың нышаны. Әнұранымызды шырқаудың өзі біз үшін үлкен мәртебе, – деді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы Өтетлеуов.

Адина Ұзақбай,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: