Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мекеме қызметкерлерінің жеке автокөлігіне тексеру жүргізілді

23.07.2025, 15:55 225

HALYQLINE.KZ

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Жол патрульдік полициясы тексеру жүргізу үшін келді. Негізгі мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автокөлікті заңды пайдалануын қадағалау.

Осы ретте, мекеме қызметкерлерінің жеке автокөлігін құжаттық және техникалық тұрғыдан тексеріп, жол қозғалысы ережелерін ескеруін назарға алды. Көліктің тіркеу құжаттары, сақтандыру полисі, медициналық алғашқы көмек қобдишасының жарамдылық мерзімі және техникалық тексеру куәлігіне де мән берілді. Нәтижесінде, көлік құжатының толық, ал техникалық жағдайы талапқа сай екендігі анықталып, айтарлықтай кемшілік байқалмады.

– Жол-көлік апаты сынды оқиғалар көңілді алаң ететіні рас. Сондықтан, жол қозғалысы ережелерін сақтау мен көліктердің техникалық жағдайын тексерудің маңызы зор. Осыған байланысты Жол патрульдік полициясының мұндай тексеруі – тәртіпсіздік пен заңбұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған қажетті қадам. Бақылау жұмысы баяуламаса, қауіпсіздік күшейтіліп, түрлі апаттың алдын алуға негіз болмақ, — деді мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы Динара Шахи.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: