Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мекеме қоршауынан есірткі лақтырған азамат ұсталды

11.08.2020, 16:35 623

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ Жуырда Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің тыйым салынған аймақ аумағынан «К» есімді азамат тыйым салынған затты қоршаудан лақтыру барысында ұсталды. Мекеме қызметкерлері мекеме аумағына тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, 20 грамдық щприцке тығыздалып, скотчпен оралған жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп табылып, Қызылорда ҚПБ-ның жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленді.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 15.16 гр «кептірілген марихуана екені анықталған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Жазасын өтеп жүрген сотталғандардың туған-туыстары, таныстары тыйым салынған заттарды әртүрлі әрекеттермен өткізбекші болады. Олар әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын біле тұра осылай жасайды.

Жыл басынан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабымен 2 азаматқа айыппұл салынып, 3 азаматқа «ескерту» берілсе, 5 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: