Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы А. мейрамханаға тойға барып, сол жерде үстел үстінде жәбірленуші Ж-мен сөзге келіп қалып, араларындағы жанжалды шешу мақсатында мейрамхана сыртына шығуын сұраған.
Сотталушы А. оң қолында пышағымен жәбірленуші Ж.-ның масаң күйде екенін пайдаланып, оң жақ қолының шынтақ тұсынан бір мәрте соққы жасап, дене жарақатын салған.
Сотталушы А.-ның қылмыстық іс-әрекеті оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, бейнежазбаларға қарап-тексеру жүргізу туралы хаттамасымен, сот-медициналық сарапшы қорытындысымен, сот-биологиялық сарапшы қорытындысымен дәлелденеді.
Сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда қаласы №2 соты
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!