Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Масаң күйде көлік жүргізіп, жауапкершілік арқалады

14.08.2024, 17:25 136

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, азамат Ф. сағат 07:50 шамасында өз басқаруындағы «L» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйде тізгіндеген.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді еліту күйінде болған.

Сот қаулысымен Ф. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Қаулы заңды күшіне енбеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: