Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мас күйде көлік жүргізген судья қызметінен босатылды

23.01.2026, 17:35 40

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі Ulysmedia.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Жоғары сот кеңесінің хабарлауынша, тиісті шешім 2026 жылғы 22 қаңтарда қабылданған. Еске салайық, 2025 жылдың қараша айында Әсел Досаева Астанада мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған болатын. Кейін сот шешімімен оған 786 400 теңге көлемінде айыппұл салынған

Ресми органдар судьяны қызметтен босату туралы шешім аталған оқиғадан кейін қабылданғанын растады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: