Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мас күйде көлік тізгіндеген 600-ден астам жүргізуші ұсталды

13.11.2024, 15:25 58

HALYQLINE.KZ

Бүгінде мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші үшін жаза күшейтілсе де, ішімдік ішіп көлік жүргізетіндер азаймай отыр. Мас күйде рөлге отырған жүргізуші – айналасына қауіп төндіретін қылмыскер. Заңға бағынбайтын, өзгенің де, өзінің де өмірі үшін қам жемейтін жауапсыз жүргізушілер қатаң жазаланады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылордада жыл басынан мас күйде рөлге отырған 600-ден астам жүргізуші ұсталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.

Заң бұзушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен хаттама толтырылып, мас халде автокөлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген. Көлік басқару құқығы жоқ көлік жүргізушісі автокөлікке қайтадан масаң күйде отырғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес жаза қарастырылған.

Мәселен, 12 қараша күні сағат 10:30 шамасында, Ақай ауылдық округінде өз басқаруындағы «Опель Астра» маркалы автокөлігін 39 жастағы жүргізуші масаң күйде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, зиян келтіруге немесе көлік құралдарын жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды, не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) хаттама ресімделді. Соттың шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізу құқығынан айырылды.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: