HALYQLINE.KZ 8 маусым күні «Мал ұрысы» іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жыл болған мал ұрлығы қылмысының 1 дерегін ашты. Атап айтқанда, өткен жылдың тамыз айында белгісіз біреу бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында мал жайылымында жайылып жүрген құны 150 000 теңге тұратын жылқы малын ұрлап кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысты жасаған 42 жастағы осы ауданның тұрғыны екені анықталып, ол жасаған қылмысын толығымен мойындады.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламаны» іске асыру бағытындағы ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес, мал ұрлығын ескерту және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру және аудан көлемінде қалыптасқан криминогенді жағдайды ескере отырып, жауапты аумақтық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында, облыс көлемінде ағымдағы жылдың 8-12 маусым аралығында мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын (ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлер) тарта отырып, тасымалданатын малдың тиесілігін тексеру мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналарға тиісті құжаттардың болуына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, ет өнімдері сатылатын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!