Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лотерея операторы болып тіркелмей, ұтыс ойынын ұйымдастырған

16.07.2024, 15:20 401

HALYQLINE.KZ

Азамат М. «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы лотерея операторы болып табылмай, автокөлік құралдарының ұтыс ойынын ұйымдастырған.

Сот отырысында ойын бизнесі және лотерея қызметін мемлекеттік бақылау басқармасының өкілі Б. азамат М.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы жасау үшін жеке тұлға А.-ның «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы лотереялар өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы шағымдары негіз болғанын түсіндірді.

Сот қатысушылардың түсіндірмелерін, прокурордың қорытындысын және іс материалдарын зерттеп, азамат М.-ның «Instagram» аккаунты арқылы автокөлік құралдарының ұтыс ойынын бірнеше рет ұйымдастырғаны анықталды. Лотереяларға қатысу үшін тіркелмеген ақша сомасын телефон нөміріне тіркелген KaspiBank АҚ банктік шотына аудару қажет болған.

Сот азамат М.-ді Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Сырдария  аудандық  соты

Көрнекі  сурет  aikyn.kz  сайтынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: