Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лауазымды тұлға алаяқтық жасағаны үшін сотталды

07.02.2024, 12:00 193

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1), 2)-тармақтары бойынша сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Ж. жәбірленуші М.-ға тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қосымша салықты алып тастауға, серіктестіктің бұғатталған есепшотын ашып беріп, жалған кәсіпкерлікпен айналысқан мекемелер тізіміне қоспауға көмектесемін деп, өзінің сөздері арқылы жәбірленуші М.-ның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 7 000 000 теңге ақшасын алған.

Нәтижесінде, сотталушы Ж. лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, жәбірленуші М.-ға мүліктік залал келтірген.

Сот үкімімен сотталушы Ж. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына айырыла отырып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: