Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күдіктілер 10 адамға жетті һәм марқұмның үйін кім өртеді?

15.10.2024, 17:00 85

HALYQLINE.KZ

Бүгін Талғардағы қанды оқиға бойынша ҚР ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов, ҚР ІІМ тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов Қонаев қаласында брифинг өткізді.

«Біз қылмыскердің де, марқұм Шерзат Болаттың әкесінің де жағында емеспіз. Біздің міндетіміз халыққа ҚР ІІМ мен Прокуратура жағдайды жіті бақылауда ұстап отырғанын және ешкімнің жазадан құтылмайтынын жеткізу», – дейді спикерлер.

Бірінші: Прокурор: «Мамандар өрттің үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзі қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды.

Екінші: Аталған қанды оқиға бойынша күдіктілер саны 7-ден 10 адамға дейін жеткен. Барлығы 600-ден астам адамдан жауап алынған.

Үшінші: Қылмыстық іс «Кісі өлтіру» және «Тәртіпсіздік» баптары бойынша қозғалған.

Төртінші: Прокуратура сот процесінің ашық және онлайн өтуін талап етеді.

Бесінші: «Хутарское» ҰҚТ ҚР ІІМ тіркеуінде жоқ. Хасан Қасымбай дәл осы іс бойынша ешқандай статусқа ие емес.

Дереккөз және коллаж: Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: