Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көрсеқызарлық соттан бір-ақ шығарды

05.02.2026, 5:30 23

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. такси қызметінде жүріп, жол шетінен қару мен жанында бірге жатқан патрондарды байқаған. Осылайша, сотталушы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, патрондарын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаған.

Сотталушы Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Осылайша, көрсеқызар азамат соттан бір-ақ шықты.

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: