Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген тұрғынға айыппұл салынды

17.10.2024, 17:35 151

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде түнгі уақытта полицейлер кезекті рейд кезінде жеңіл автокөлікті тоқтатып, көлік тізгінінде жасөспірімнің отырғандығын анықтады. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген тексеру барысында жасөспірімнің анасы ұлына көлік айдауға өзі рұқсат бергендігі белгілі болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттары және басқару құқығы жоқ бола тұра көлік басқарғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама ресімделді. Сонымен қатар, көлік құралын басқаруды құқығы жоқ адамға бергені үшін көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соттың қаулысымен кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасауға тартып, оны тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамаған жасөспірімнің анасы ҚР ӘҚБтК 128-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған айыпұл салынды.

Заңды өкіл мен жасөспірім ішкі істер органдарына профилактикалық есепке алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: