Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Карантинде шиелілік шенеуніктер туған күн тойлап жүр

01.09.2020, 14:20 838

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы әкімдігінің 4 мемлекеттік қызметшісі карантин талаптарын сактамаған үшін жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, аталған тәртіптік істерді қарауға «Youtube» сайтының «Ағалық болашақ» каналында жарияланған «Қызылорда обл, Халықтың басына түскен ауыртпашылықты тойлауда ма?» атты бейнежазбасы негіз болған.

Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы мен аппараттың ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары және аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы карантин кезеңіндегі шектеулерге қарамастан, туған күн кешіне қатысып, тойлап жатқаны жарияланған. Аталған тұлғалар карантин талаптарын сақтамай, азаматтар тарапынан сыни пікірлердің туындауына себепкер болған.

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантиндік шектеулер енгізіліп, ұжымдық, жанұялық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдеп-ғұрып шаралары, т.б.) барлық жиындарға тыйым салынған.

Тәртіптік істердің материалдарымен танысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, карантиндік шектеулерді сақтамай Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысына «сөгіс», ал басқа мемлекеттік қызметшілерге «ескерту» тәртіптік жазасын беру туралы шешім етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: