Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалады

28.02.2020, 11:40 388

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Protecting bussines and investments» жобасы аясында 2019 жылы инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған инвесторлардың жалпы құны 554,1 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба сүйемелдеуге алды.

Жоба аясында есепті мерзімде фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 53 өтініш келіп түсті. Осы өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқығы қорғалды. Оларды қарау нәтижесімен кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүддесіне нұқсан келтіріп, кедергі жасағаны үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 1 лауазымды тұлға әкімшілік және 1 тұлға қылмыстық жауапкершіліктерге тартылды.

«Protecting bussines and investments» жобасы аясында 2020 жылғы 27 ақпанда «Antikor» сервистік орталығында Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжаң Ниязов жобалық құны 169 млн теңге болатын «МТС АС Агро» ЖШС-нің генералды директоры Жанұзақ Баймановпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісіміне және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған 19 (6 шетелдік және 12 отандық жоба) мемарандумға қол қойылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: