Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәрім Мәсімовтің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар ма?

18.07.2023, 8:40 193

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, мемлекетке сатқандық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы барлардың тізіміне енгізілді. Бұл жөнінде informburo.kz порталы жазды.

Мәсімовтен бөлек оның бұрынғы орынбасарлары 16 жылға сотталған Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің аты-жөні де «қара тізімге» енген.

Мәсімовке қатысты сот үкімі биыл сәуір айында шықты. Бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, 2022 жылдың 5 қаңтарында Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары «Алматыдағы, Қызылорда, Алматы облысындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратын, сонымен бірге Алматы және Жамбыл облысы полициясы ғимаратын тастап шығуға бұйрық берген. Ол ғимараттардан үш мыңға жуық қару-жарақ ұрланған, көп бөлігі әлі күнге дейін табылмады», – деп мәлімдеген бас прокурор.

Кәрім Мәсімов 2022 жылдың 6 қаңтарында ұсталған. Одан кейін орынбасарлары да қамауға алынды.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді адамдарының бірі, 56 жасағы Кәрім Мәсімов 2016 жылдың қыркүйек айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болып тағайындалған. Оған дейін қазақ үкіметін басқарған.

Коллаж ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: