Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

29.03.2023, 11:50 953

HALYQLINE.KZ Қала аумағында құқық қорғау органдарымен және білім беру ұйымдарымен  жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға және балаларға толыққанды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешеніне қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған құқықбұзушылықтардың  деңгейі төмендемей келеді.

Оның ішінде кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқықбұзушылықтардың өсуі байқалады.

Осы жылдың бірінші тоқсанында қадағалаусыз, қараусыз, қаңғыбастыққа салынып жүрген, әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық фактілері үшін жалпы 1109 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 57 кәмелетке толмаған кәмелетке толмағандарды  бейімдеу орталығына  орналастырылған.

Қала прокуратурасының бастамашылығымен 13-17 наурыз аралығында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында  қала аумағындағы білім беру ұйымдарында 9-11-сынып оқушыларына профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Профилактикалық түсіндірме жұмыстарына денсаулық сақтау саласының мамандары, психологтары мен полиция қызметкерлері де қатысып, оқушыларға әкімшілік, қылмыстық жауаптылық туралы және кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, психикалық, педагогикалық, моральдық және материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік оңалту шаралары бойынша түсіндірілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың өсуінің негізгі себебінің бірі – отбасындағы тәрбие әсерінің төмендеуі,  ата-аналардың көпшілігінің жұмысбастылығына және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және асырау бойынша ата-аналардың өз міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты  болып отыр.

Сондықтан ата-аналарды балалардың қауіпсіздігі үшін түнгі мезгілде үйден тыс жерде болмауына, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына және араласатын ортасының қандай екендігіне көңіл бөліп бақылау жасау сұралады.

Қызылорда қалалық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: