Көрнекі сурет
HALYQLINE.KZ 27 шілде күні кешкі уақытта полицияға Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде жасөспірімдердің жиналып жүргені жайында белгісіз азаматшадан хабарлама түсті.
Аталған хабарлама бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқарманың патрульдік полиция батальоны, ювеналды полиция және учаскелік полиция инспекторларымен тексеру барысында сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 7 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.
Жеткізілген жасөспірімдердің ата-аналары шақыртылып, олармен профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуы) сай 7 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!