Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәмелетке толмаған қызылордалық түнгі клубта азот оксиді құйылған шар сатқан

09.02.2026, 9:35 90

Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлардың ашық түрде сатылып жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратура органдарының үйлестіруімен хабарлама негізінде рейдтік іс-шара жүргізді.

– Рейд барысында түнгі клубтан 10 литрлік 4 газ баллоны және полиэтилен пакетке салынған 6 шар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес (улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Клуб қызметкері кәмелет жасына толмаған екен, сондықтан оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеп, барлық ойын-сауық орнында профилактикалық тексеру жүргізіп келеді.


Фото: Қызылорда ПД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: