Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«IT TERGEU» жобасы нәтижесі: 5 азаматты алдаған интернет-алаяқты киберпол ұстады

11.10.2024, 15:15 75

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Полиция департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жедел шара барысында «Жиһаз сататын жалған дүкен» арқылы бірнеше эпизод алаяқтық қылмысын жасаған 30 жастағы басқа облыстың тұрғыны құрықталды.

Күдікті әлеуметтік желіде ашқан парақшасына қызықтыратын жиһаз фотосуреттерін орналастырып, оны арзан бағада сатылымда екені туралы хабарламаны тарату тәсілін қолданумен Қызылорда қаласының 4 тұрғынын және Шымкент қаласының 1 тұрғынын алдау арқылы жалпы 1 млн теңге ақша қаражатын жымқырған.

Сотпен күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде «үйқамақ» қолданылды. Тергеу барысында жәбірленушілерге келген материалдық залал толығымен өтеліп, қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды.

«Киберпол» қызметі азаматтарға әлеуметтік желідегі түрлі хабарлама сілтеуімен және бөгде адамдардың айтуымен жеке банктік мәліметтерін бермеуге, ақша қаражаттарын тексермей аударымдар жасамауға шақырады. Алаяқтықтан алдын ала сақтануды ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: