Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инвесторлардың мәселесі шешілді

27.09.2023, 8:55 286

HALYQLINE.KZ

«Қармақшы ауданында өнімділігі жылына 1500 тонна тауық етін өндіретін құс фабрикасы» жобасын (құны – 3 млрд теңге) іске асыратын «Қармақшы құс» ЖШС директоры Н.Іздібаев бұған дейін Қызылорда облысы прокуратурасының фронт-офисіне оның нысанын сумен жабдықтау жүйесіне қосу кезіндегі кедергілер туралы хабарлаған болатын.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі фронт-офистің кезекті отырысында Н.Іздібаев прокуратураға алғыс айтып, қадағалау органының тікелей араласуынан кейін нысан сумен жабдықтау жүйесіне қосылып, құс фабрикасы толығымен іске қосылғанын хабарлады.

Фронт-офистің жұмысы инвестициялық жобалардың кедергісіз іске асырылуын, оларды прокуратура тарапынан сүйемелдеуін, инвесторлар алдындағы кедергілерді анықтау және жою мәселелерін қамтитыны хабарланады.

Қабылданған шаралардың жеделдігі үшін фронт-офис жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Ұлттық қауіпсіздік, қаржы мониторингі департаменттерінің басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh invest «Ұлттық компаниясы» АҚ өңірлік басшылығы, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысады.

Бүгінгі таңда облыста 2026 жылға дейін қосылуы көзделген өндіріс саласындағы Индустрияландыру картасына енгізілген 31, жалпыұлттық бірегей пулында қаралған 46 инвестициялық жобаны салу жоспарланса (13-і индустрияландыру картасына енгізілген), оның ішінде 3-еуін осы жылы іске қосу белгіленген.

Сондай-ақ, кеңесте фронт-офис жұмысының мақсаты мен тәулік бойы сүйемелдеу жүргізудің тәртібі түсіндірілді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: