Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ІІМ: Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін 6 мыңға жуық адам ұсталды

09.01.2022, 17:30 365

Еліміздің аумағында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандар саны 6 мыңға жақындады.

Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,9 мыңнан астам адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар.

Ішкі істер министрлігінде құрылған жедел штабтың мәліметі бойынша, еліміз бойынша 5,9 мыңнан астам адам полицияға жеткізілген.

Бүкіл еліміз бойынша 5,9 мыңнан астам адам ұсталды. Қазіргі кезде кісі өлтіру, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасау, қарулы шабуыл бұзақылық және ұрлық деректері бойынша сотқа дейінгі 125 іс тергеліп жатыр, – делінген хабарламада.

Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: