Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шығыс Қазақстандық қатыгез қыздың ісі сотқа жіберілді

31.05.2023, 9:44 217

HALYQLINE.KZ

Шығыс Қазақстан облысында дәретхана ішінде аяусыз соққыға жығу ісі бойынша тергеу амалдары толығымен аяқталып, бұл іс сотқа жіберілді. Мұны облыстық Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мәлімдеді.

Зардап шеккен қыздың туысы Тоқжан Досумова бұл ақпаратты растап, алғашқы отырыс 5 маусымға белгіленгенін айтты. Іс бойынша үш қыз айыпталушы тарапта, дегенмен тергеу барысында оқиғаның 14 қатысушысы анықталған – олар сол маңда тұрған, камераға түсірген.

Еске салайық, сәуірдің басында әлеуметтік желіде өскемендік қыздың соққыға жығылған видеосы тараған болатын. Видео сауда үйінің дәретханасында түсірілген. Өскемендік колледждің студенті екіншісін өте қатыгездікпен ұрып, қасындағылары камераға түсіріп тұрған. Бұл жағдай қоғамда наразылық тудырып, кінәлілердің жазалануын талап етті.

Ук.rz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: