Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

“Халық заңгері” жалпы республикалық акциясы өтеді

29.10.2025, 14:05 561

31 қазан күні Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, денсаулық сақтау басқармасының мамандары, кірістер басқармасының мамандары, мемлекеттік органдардың басшылары және тағы да басқалар бар.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – Қызылорда қаласының прокуратурасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Басталуы: 2025 жылғы 31 қазан күні сағат 11:00.
Қызылорда қаласында акция өтетін мекенжайлар: А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі, (Қазбек би №21), Қызылжарма ауылдық округінің мәдениет үйі, (Аубакирова көшесі № 25), Қарауылтөбе ауылдық округінің мәдениет үйі, (Абай көшесі №29).

Білікті мамандардан тегін құқықтық консультация алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: