Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық заңгері» науқаны жалғасуда

15.02.2021, 14:00 397

HALYQLINE.KZ  «Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде іске асыру шеңберінде атқарылатын іс-шаралар тиісті деңгейде уақтылы және сапалы орындалуы аса жауапкершілікті қажет етеді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2020 жылдан бастап, ай сайын облыс көлеміндегі барлық аудандарда және «Антикор орталығының» ғимаратында «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып келеді.

Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Халықтың сенімін сақтау – біз үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі.

«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына, 2020 жылы 32 рет өткізіліп, жалпы 914 азамат әртүрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен (адвокат, нотариус, сот орындаушылары,) тегін құқықтық кеңестер алды.

Сонымен қатар, «Адал көмек» жобасы бойынша офлайн және онлайн форматында 154 шара өткізіліп, жалпы 958 азамат сұрақтармен жүгінген, 921 сұрақтарына жауап тапты.

Аталған шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта, карантиндік жағдайға байланысты бұл шара онлайн форматына ауыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: