HALYQLINE.KZ 1 наурыз Жедел криминалистика күні кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Криминалистика – полиция қызметіндегі ең маңызды сала. Құқық қорғау қызметінде криминалистика саласынсыз қылмысты ашу мүмкін емес. Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі маманды дайындау барысы да күрделі. Міне, осы салада абыройлы қызмет атқарған, Ішкі істер органдарының ардагері Әділов Ғалымжан Қожахметұлын атап өтпеу мүмкін емес.
Ардагер Ғ.Әділов 1967 жылы 19 маусымда Арал қаласында дүниеге келген. Жалпы орта білім алған соң, әскери борышын өтеп, ішкі істер органдарындағы қызметін 1987 жылдың желтоқсан айынан бастап, Арал аудандық ішкі істер бөлімінің жанындағы күзет бөлімшесінің милиционерінен бастап, 1989 жылдын желтоқсан айынан бастап Арал аудандық ішкі істер бөлімінің патрульді-бекет қызметінінің милиционері, 1999 жылдың қараша айынан жедел-криминалистикалық тобының инспекторы, ал 2006 жылдың наурыз айынан бастап аға инспекторы лаузымында қызмет атқарып, 2012 жылдың шілде айында «полиция майоры» шенімен зейнеткерлікке шыққан.
Ардагер Ғ.Әділов қызмет атқарған уақытта ҚР ІІМ Құрмет Грамотасымен, І,ІІ,ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Милиция үздігі» төсбелгісімен, Қызылорда ОПД-нің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.Спорт-полицейдің айнымас серігі демекші, ардагер Ғ.Әділов қызметпен қоса үнемі спортпен шұғылданып облыстық, аудандық спорттық спартакиадаларға қатысып бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленген.
«Бұл салада қызмет атқару үшін әрине ең бастысы-шыдамдылық пен төзімділік керек. Көп оқып, көп іздену керек. Қызмет атқару барысында өзіме жүктелген абыройлы міндетті үлкен жауапкершілікпен атқардым деп ойлаймын.Қылмыстарды ашуда түрлі криминалистік есептерді жүргізіп, қылмыстың жедел ашылуына септігін тигізіп жүрген криминалистердің қызметіне сәттілік тілей отырып, бүгінгі кәсіби меркелерімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасының өркендеу жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін! Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!» – дейді ардагер Ғ.Әділов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!