HALYQLINE.KZ 28 наурыз күні түнгі уақыт 02:40 шамасында ЗК-169/5 мекемесінің артынан 28 жастағы күдікті азаматты тоқтатып, тексеру барысында өз ұсынуымен 2 дана скочқа оралған белгісіз зат анықталған. Сараптама қорытындысымен ол кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды.
Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!