HALYQLINE.KZ 13 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тас жолының 1324-шақырымында шетелдік мемлекеттік белгісі бар автокөлігі тоқтатылып, тексерілді. Автокөлік ішінде жүргізуші және жолаушы болды.
Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықта жолаушының сөмкесінен полиэтилен пакетте скочпен оралған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталған.
Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар жалпы салмағы 415,85 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.
Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!