Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлі-зайыптылар алаяқтықпен ұсталды

05.12.2023, 18:05 227

Қызылордалық ерлі-зайыптылар алаяқтықпен ұсталды. «А» және оның жұбайы «Г» есімді азаматтар 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша жауаптылықтан босатып беремін деген желеумен жәбірленуші «М» есімді азаматшадан алдап 8 000 000 теңге ақша қаражатын алған.

28.10.2023 жылы аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелген.

Қазіргі таңда, «А» және «Г» есімді азаматтарға Қызылорда қалалық мамандандырылған сотымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкциясы берілді. Іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүрігзілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: