Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Еңбек» кәсіпорынының басшылары парамен ұсталды

08.01.2025, 11:00 41

HALYQLINE.KZ

«Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, «Еңбек» республикалық кәсіпорыны басшыларының «бірнеше рет пара алғаны» анықталған.

«Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктенеді», – деп хабарлайды жемқорлықпен күрес агенттігі.

Құзырлы мекеме мәліметінше, күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

«Еңбек» мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдары түзеу мекемелеріндегі азаматтарды жұмыспен қамтиды. Кәсіпорында әртүрлі бұйым тігу, жиһаз шығару, метал мен ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа көптеген өнім өндіру орындары бар.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: