HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Азаматшаның айтуынша, бейтаныс әйел оны көрген сәттен «сенде дуа бар, емдеп берейін» деп, сеніміне кіріп, оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша, «емші» ізін суытқан.
Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!