Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде мемлекеттік құпияларды сақтау талаптары күшейеді

01.04.2026, 10:45 60

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік құпияларды сақтау талаптарын бұзуға қатысты жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Әңгіме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжат жөнінде болып отыр. Заң жобасы мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің өкілеттігін кеңейтуге бағытталған.

Отырыста айтылғандай, егер мемлекеттік құпияны сақтау талаптарын бұзған тұлғаға жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде дәл осындай талапты қайта бұзса, оған жауапкершілікті күшейту ұсынылады.

Құжат осы бағыттағы бақылау тетіктерін нақтылап, ұлттық қауіпсіздікке қатысты талаптардың сақталуын күшейтуді көздейді.

Фото: massage.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: