Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Достық пен бейбітшілік қатар ұғым

27.04.2023, 17:06 378

Халықаралық достық күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің психолог мамандары жазасын өтеуші әр ұлт өкілдері арасында шығармашылық сайыс өткізді. Шараның негізгі мақсаты – жаза мерзімін өтеуші түрлі ұдт өкілдері арасында достық қарым-қатынас орнату.

  • Бүгінгі сайыс барысында әр ұлт өкілінің өнерін тамашаладық. Әр қатысушы өз ұлтын ерекше таныстырып, ән айтып, шығармашылық қоржынындағы өлеңдер жинағымен бөлісіп, өзге де ақын – жазушылардың жазған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. «Үздік» деп бірінің өнерін екіншісінен артық бағалау бізге қиынға соқты. Себебі, әр ұлт өкілінің өнері бір – бірінен өзгеше, – деді мекеме психологы Кульбаева Шынар.
  • Бұл сайысқа мен «Достық пен Бейбітшілік қатар ұғым» атты өз қаламымнан туған туындымды мәнерлеп оқып бердім. Ұйымдастырушы психолог мамандардың көңілінен шыққанына қуаныштымын. «…Талай ғасыр қанмен келген бейбітшілік, Ашық аспан астында кең тіршілік» деп өлеңімде жырлағандай, елімізде түрлі ұлт өкілі бейбіт өмір сүруде. Осындай жағдай жасап жатқан мемлекет басшысына алғысым шексіз, – деді жаза мерзімін өтеуші.
    Аталған шараға қатысқан түрлі ұлт өкілі өз шығармашылығындағы туындыларымен бөлісіп, өнерлерін ортаға салды. Сайыс соңында үздік деп танылған қатысушылардың туындылар іріктелді.

Адина Ұзақбай,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: