Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дөнер ішінен есірткі табылды

19.01.2022, 11:15 377

HALYQLINE.KZ 17 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды.

Мекеме қызметкерлері жоғарыда аталған сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында 3 дана дөнер арасына салынған «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» заты тәркіленді.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: