HALYQLINE.KZ 2021 жылдың 29 қарашасында 03 сағат 58 минутта Қызылорда қаласы Рисмаш шағын ауданы маңында дарияға (ені – 15-20 м., тереңдігі – 3-4 м) автокөлік түсіп кеткені және ішінде адам бар екендігі туралы хабар түсті.
Сағат 04:20-да су асты іздестіру жұмыстары басталды. «DAEWOO NEXIA» автокөлігінде 2 адам болған екен. Жолаушысы 1994 жылы туылған азамат өз күшімен сыртқа шыққан. Көлік жүргізушісі 1994 жылы туған азамат автокөлік ішінен шыға алмай қалған. Сағат 09:22-де автокөлік судан шығарылып, жүргізушінің денесі туыстарына тапсырылды.
Су астындағы іздестіру жұмыстарына 17 құтқарушы 4 техникасымен, 1 жүзу құралымен атсалысты. Облыс тұрғындарына айтарымыз, автокөлікте барынша қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда сақ болуларыңызды, мүмкіндігінше түнде жолға шықпауларыңызды сұраймыз.
Қызылорда облысы ТЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!