HALYQLINE.KZ 3-7 тамыз күндері аралығында облыс көлемінде «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 13 құқықбұзушылық анықталды.
Іс-шара кезінде Қызылорда облысы көлемінде орналасқан есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларының заңды айналымына байланысты 77 дәріхана, 19 емдеу орындары, 28 қоймалар сақталуы, техникалық нығайтылу жағдайы тексерілді. Тексеру барысында Қа-зақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтардың 4 дерегі және Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 427-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтардың 4 дерегі анықталды.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 303-бабында көзделген теріс қылықтардың 1 дерегі, яғни есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сақтайтын бөлменің талаптарының бұзылғандығы анықталды. Бұл дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!