Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлық даму министрлігі: еліміздің 5 өңірінде есірткі алқаптары анықталды

13.07.2022, 15:40 264

HALYQLINE.KZ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Қарасора» операциясы шеңберінде ғарыштық мониторинг көмегімен есірткі планантациясын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Жабайы өсетін қарасораның өсу алаңдары және құрамында есірткі заттары көп каннабисті өсіру олардың заңсыз айналымын тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де ынталандырады.

Осыған байланысты, ЦДИАӨМ ғарыштық мониторингтің заманауи технологияларын қолдана отырып, 2022-2023 жылдарға арналған есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру бойынша бастамашылық жасалған Жол картасын іске асыру үшін ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді жұмыстарды жүргізуде.

«Құрамында есірткі бар өсімдіктердің ареалдарын анықтаудың тиімді әдістерінің бірі – жерді қашықтықтан зондтау, оны қолдану тәжірибесін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ мамандары зерделеп, кезең-кезеңімен енгізуде. 2022 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686,000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, онда каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды. Учаскелер Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан», – деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

Айта кету керек, 2019 жылы ғарыштық мониторингтің көмегімен Қызылорда және Жамбыл облыстарында – 123, 2020 жылы – 94, ал 2021 жылы тек Қызылорда облысының аумағында 77 есірткі егілген алқаптар анықталды.

Ғарыштық мониторинг деректерін верификациялау «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және ІІМ-нің арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің есірткі плантациялары анықталған жерлерге баруы арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, құрамында есірткі бар өсімдіктер ареалдарының орналасқан жері туралы деректерді ұсынудың жеделдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін отандық KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыш аппараттарынан, сондай-ақ шетелдік жерсеріктерден алынған ғарыштық түсірілімдерін пайдалана отырып, ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауында.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: