Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Chia-Tai» қаржы пирамидасымен айналысқан күдікті 5 жылға сотталды

29.07.2024, 11:05 229

ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Chia-Tai-Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасының Қызылорда қаласындағы құрылымдық бөлімшесін басқарған күдіктінінің жолын кесті.

1992 жылы туылған қызылордалық азаматша Қызылорда қаласы аумағында 2022 жылдың қараша айы – 2023 жылдың сәуір айы аралығында, қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құрған.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті Қытай Халық Республикасында фармацевтикалық препараттармен медициналық құрылғыларды өндіріп, оларды шетелге экспорттаумен айналысатын фармацевтикалық зауыттың қызметіне, қосымша зауыттардың құрылысына және биологиялық белсенді қоспаларды жетілдіруге бағытталған заңды инвестициялаушы ретінде салымшылардың қаражаттарын заңсыз тартып, оларды қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржылық пирамиданың ұйымдастырушыларына салымдардың басым бөлігін иеленуге көмек беру түрінде ауыр санаттағы экономикалық құқықбұзушылықты қасақана жасаған.

Қазіргі таңда 25 салымшыға жалпы 26 130 190 теңге көлемінде аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтірген.
Соттың шешімімен сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кету керек, бұл компания өзін инвестициялық ұйым ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: