Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап, деп жазады halyqline.kz тілшісі.
3 сәуір күні Өскемен қаласының №2 сотында Жақсылық Омардың ісі бойынша қорытынды сот отырысы өтті. Шенеунікке алаяқтық және пара алу баптары бойынша айып тағылған болатын.
Сот үкімімен Жақсылық Омар кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар сот шешімі бойынша оның Toyota көлігі тәркіленді.
Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен қаралған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!