Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұрынғы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы тергеліп жатыр

11.05.2023, 9:45 623

HALYQLINE.KZ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілініп, оған тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.

  • «Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан «Атамекен» одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кетті.

Кейбір деректерде бұрын Тимур Құлыбаевтың жақын серігі деп саналалған Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар (13,3 миллиард теңге) парамен ұсталғаны айтылады.

Ескі Қазақстанда Мырзахметовтер отбасы өте беделді саналып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: