Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БҚО-да кәмелетке толмаған қызға қатысты іс қайта тергелуде

25.02.2026, 17:54 26

Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қайта қаралып жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, 57 жастағы ер адам жасөспірімді алдап үйіне шақырып, оған зорлық көрсеткен деген күдікке ілінген. Жәбірленуші күдіктіні танығаны хабарланған. Алайда тергеудің бастапқы кезеңінде хат алмасулар мен басқа да материалдар зерттеліп, тараптардың өзара келісімі болғаны жөнінде тұжырым жасалып, іс тоқтатылған. Кейін бұл шешімге қатысты қоғамда сын айтылып, жарияланымдар шыққаннан соң іс қайта қаралды. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жәбірленуші тараптың барлық уәждері қосымша тергеу аясында қайта тексеріледі. Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Сондай-ақ істі бұрын жапқан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне де құқықтық баға берілмек.

Күдікті ер адам аудандық әкімдікте жұмыс істеген, оқиғадан кейін қызметінен босатылған.

Қазіргі уақытта қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: leto.clinic

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: