Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс елордада қаралды.
Экс-шенеунік Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Мажағұлов Есіл өзеніндегі «Күн» субұрқағының құрылысын қаржыландыруға бөлінген 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған болатын.
Қылмыстық іс бойынша мердігер ұйымның өкілі Мәди Канапин 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны қаржы жымқыру және қылмыс жасауға көмектесу (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 5-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныды.
Айта кету керек, Қаржылық мониторинг агенттігі Болат Мажағұловтың ұсталғанын растағаны бұған дейін жазылған еді. Ол 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!