Көкшетау қаласында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша кәсіпорын басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Келтірілген залал көлемі 152 миллион теңгені құрайды.
Тергеу деректеріне сәйкес, екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» СПК директоры Ефимкина А.С. мен «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы Маслов А.В. сүт өндіру мен оны терең өңдеу өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге арналған мемлекеттік субсидияларды заңсыз иемденіп келген.
Қылмыстық іс аясында күдіктілердің мүлкіне шектеу қойылған. Атап айтқанда, 6 жер телімі, 4 пәтер, 11 автокөлік, мобильді ғимарат және өндірістік нысанға тыйым салынды.
Сот шешімімен Маслов А.В. мен Ефимкина А.С. 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Фото: Видеодан скрин
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!