Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Біз қылмысқа қарсымыз» челленджі ұйымдастырылып жатыр

14.04.2025, 11:40 114

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Республика көлемінде өткізіліп отырған «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағындағы барлық мектепте «Біз қылмысқа қарсымыз» челленджі ұйымдастырылып, кездесу жиналыс, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Жас жеткіншектерге төмендегі үндеу жолдануда:

Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің.

Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл.

Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.

Ар-намысыңды биік ұста.

Өз тағдырың-өз қолыңда.

Өзіңе сен.

Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.

Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан.

Сен ел үшін керексің, өйткені сен – тәуелсіз еліміздің болашағысың!

А.Ерназарова,

Қызылорда КПБ ЖПҚБ ЮПб аға УПИ-ры полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: