Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциясы: сот шешімі шықты

26.06.2024, 18:35 166

HALYQLINE.KZ

Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төрағалық етуші судья бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Судья бұл шешімін түсіндіруінде бірінші инстанциядағы сот үкімін процестік ережелер бұзылғанда ғана өзгертілетінін айтты.

Айта кетейік, 10 маусым күні Астана сотына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағым түсті.

Өтініш берушілер:

* Бақытжан Байжановты іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды;

* Қуандық Бишімбаевтың Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша айыптау бөлігіндегі үкімін (аса қатыгездікпен кісі өлтіру) Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қайта саралап, өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны азайтуды, сондай-ақ істі жаңа қарауға жібере отырып, үкімнің күші жоюды сұрады.

Бүгін, 26 маусымда елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.

Экс-министрдің адвокаттары сот процесінде заң бұзылғанын айтып, алқабилердің тегін жария еткен еді.

Фото: dalanews.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: