Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бишімбаев неге өмір бойына сотталған жоқ: прокурор жауап берді

13.05.2024, 18:45 276

HALYQLINE.KZ

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкімі жайлы пікір білдірді. Ол айыптаушы тарап дәл осындай жаза сұрағанын айтты.

Аймағанованың айтуынша, Бишімбаевқа ең ауыр жаза тағайындалған.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің санкциясына сәйкес («Адам өлтіру» – ред. ескертпесі) біз ең көп дегенде 20 жыл, ал 110-бап («Қинау» – ред. ескертпесі) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрадық. Бұл – максималды жаза. Бүгін сот та дәл осындай жаза тағайындады», – деді Айжан Аймағанова.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша ішінара қосу арқылы Бишімбаевқа тағайындалған жаза – 24 жыл.

«Тәжірибеге сүйенсек, соңғы 5 жылда алқабилер қатысқан сот мұндай істердің санаттары бойынша өмір бойына жаза тағайындаған жоқ», – деді Аймағанова.

Ол Қуандық Бишімбаев жазасын максималды қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтінін айтты. Қазақстанда мұндай мекеме бірнеше өңірде бар.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ.

Фото: kz.kursiv.media

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: