Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Белсенді Ермек Нарымбай екі айға қамауға алынды

05.02.2026, 11:10 43

Астана қаласының тергеу соты белсенді Ермек Нарымбайды екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды. Бұл жөнінде журналист Лұқпан Ахмедияров әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, соттың шешімі түнгі уақытта жарияланған. Алдын ала деректерге сәйкес, Ермек Нарымбай Конституциялық реформа тақырыбында пікір білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Аталған жазба интернет кеңістігін мониторингтеу барысында полиция қызметкерінің назарына ілігіп, соның негізінде материал тіркелген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, белсендінің әрекеті бұрын шығарылған сот үкіміндегі шектеулерді бұзу ретінде бағаланған. Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде шыққан сот үкімімен Ермек Нарымбайға қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қызметпен айналысуға тыйым салынған болатын. Осыған байланысты тергеу соты Қылмыстық кодекстің 430-бабы («Сот үкімін орындамау») бойынша Ермек Нарымбайды екі айға қамау туралы шешім қабылдады. Қамау мерзімі биылғы 3 сәуірге дейін белгіленген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: