HALYQLINE.KZ Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа қитұрқы әрекетпен жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылған.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс-құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!